Мектеп асханасы: стандарт бар, сапа қайда?

Фото: ҚР Парламентінің Мәжілісі

Депутат Ерболат Саурықов мектептегі тамақтандыру жүйесіне қатысты мәселе көтерді. Үкіметке жолданған сауалда мәжілісмен тамақтандыру сапасын сынға алды.
Сауалда 2025–2026 жылдарға арналған жаңа стандарттар бекітілгеніне қарамастан, іс жүзінде бірқатар түйткілдердің сақталып отырғаны атап өтілді. Атап айтқанда, мәзір талаптарының толық орындалмауы, санитариялық нормалардың бұзылуы, өнім берушілердің жауапкершілігінің төмендігі, тамақтандыру құнының жоғары болуы және төлем жасамаған балаларды асханаға кіргізбеу жағдайлары көтерілді.

Сараптамалық деректерге сәйкес, мемлекет мектептегі тамақтандыруға шамамен 408 млрд теңге бөледі. Алайда бақылау мен баға белгілеудің тиімді тетіктері жеткілікті жолға қойылмаған.

Депутат халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, мектеп директорларының дербес жауапкершілігін заңнамалық деңгейде бекітуді, әр мектепте ішкі бақылау тетігін құруды, балаларды төлемге байланысты шектеуге тыйым салуды, тамақтандыру құнын есептеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеуді және мемлекеттік бақылауды күшейтуді ұсынды.

Сондай-ақ Үкіметтен мектептегі тамақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат беру сұралды.

Еще больше интересного

Зеленский Украина армиясын қысқартуды және бейтарап мәртебесін талқылаудан бас...

Украина президенті Владимир Зеленский Киев қарулы күштердің санын қысқарту және елдің бейтарап мәртебесін белгілеу мәселелерін талқылауға келіспейтінін...

Түркістан облысында жасөспірім комбайнға қысылып қалды

Бүгін Түркістан облысы Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында жазатайым оқиға болды. 2009 жылы туған жасөспірім комбайнды жөндеу кезінде...

Қазақстанда күзгі демалыс басталды. Оқушылар 7 күн демалады

Мектеп оқушыларының күзгі демалысы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады. Сабақ 2 қарашада қайта басталады. Демалыс кезінде мектептер...