Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Оқиғаны салтанатты түрде тіркеу рәсімі Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік концерт басталар алдында өтті.
Саябақтың қақ ортасына орнатылған биіктігі 11 метрден асатын, диаметрі 20 метрден асатын шаңырақ Global Best of Records әлемдік рекордтар кітабына енгізілді. Осы оқиғаға арнайы ұзындығы 100 метрден асатын сырлы сырмақ дайындалды.

Азия және Африка елдері бойынша рекордтты тіркеу бөлімінің бас офицері Қуандық Құдайбергенов тіркеу рәсімін жүргізіп, сертификатты Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбековке салтанатты түрде табыстады.

Көптеген алматылықтар мен мегаполис қонақтары куә болған іс-шара барысында ұлттық киім киген әйелдер алып шаңырақтың астына тоқылған сырлы сырмақты жайып шықты.

Бұл көрініс көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды — көптеген қонақтар ауқымды композиция аясында суретке түсіп, бейнежазба жасады.

Оқиғаның маңызы туралы Қуандық Құдайбергенов айтып өтті.
«Global Best of Records рекордтар кітабы — Гиннестің рекордтар кітабымен қатар әлемге танымал халықаралық реестрлердің бірі. Біздің кітап әлемдегі ең ірі жинақтардың қатарына кіреді және 89 елді біріктіреді», – деді ол.

Концерттік бағдарлама аясында Азия және Африка елдері бойынша рекордтты тіркеу бөлімінің бас офицері рекордтық көлемдегі сырлы сырмақты әзірлеген шеберлер тобына да марапат табыстады.

Бұл оқиға ұлттық өнер мен қазақстандық шеберлердің төл қолтаңбасын айқын танытқан жарқын белеске айналды.

Еще больше интересного

Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау...

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі...

Алматыда мектеп психологтарына балалардың суицид қаупін ерте анықтау үйретілді

2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтік мінез-құлықтың...

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...