Қазақстан мен Корея атом энергетикасы саласындағы стратегиялық әріптестікті күшейтеді

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Ким Чон Кванмен кездесу өткізді,—деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Корей ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды.
Стратегиялық әріптестікті нығайтуға және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілік расталды.
Талқылау корей компанияларының атом энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға қатысуын, сондай-ақ ядролық отын циклі, ғылыми зерттеулер және кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын қамтыды.
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ озық халықаралық стандарттарды қолдану және саланы реттеу саласында тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Министр Ким Чон Кван корей тарапының Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады және бірлескен бастамаларды іске асырудың жоғары әлеуетін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом саласын дамытуға және екіжақты әріптестікті нығайтуға бағытталған сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Еще больше интересного

Сайлау күні аспанда көрінді: Тараз көгіне Құрылтай нышандары бар...

«Құрылтай – 23 тамыз» деген жазуы бар алып әуе шары Тараз көгіне көтерілді. Ерекше нысан қала тұрғындары...

Қазақстан жылқы етіне халықаралық стандарт енгізуді ұсынды

Қазақстан жылқы еті мен одан жасалатын өнімдерге арналған алғашқы халықаралық ISO стандартын әзірлеуге бастамашы болмақ. Бұл туралы...

Өңірлік науқан мәреге жетті – партиялар ел бойынша сапарларын...

Партиялардың сайлауалды сапарлары біртіндеп мәресіне жақындап келеді. Дауыс беруге санаулы күн қалғанда штабтар тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және...