Қазақстан Қашағаннан 2,3 трлн теңге өндіріп алмақ

Қашаған кен орнын игеріп жатқан шетелдік компаниялар 20 шілдеге дейін Қазақстанға 2,3 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды төлеуі тиіс. Бұл туралы Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов Астанада өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, сот шешімі заңды күшіне енген. Егер белгіленген мерзімге дейін айыппұл төленбесе, мемлекет атқарушылық іс жүргізуді бастап, қаражатты мәжбүрлі түрде өндіріп алады. Сонымен қатар NCOC және мердігер компаниялар Қазақстанның әрекеттеріне қатысты Вашингтондағы халықаралық арбитражға жүгінген. Қазір арбитраждық трибуналдың құрамы жасақталуда. Экологиялық дау 2022 жылы Қашағанда рұқсат етілген 773 мың тоннаның орнына 1,7 млн тонна күкірт сақталғаны анықталғаннан кейін туындаған. Осыған байланысты компанияларға 2,356 трлн теңге көлемінде айыппұл салынған. NCOC өз кезегінде барлық экологиялық талаптар мен рұқсаттарды сақтағанын айтып, айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеген.

Еще больше интересного

Условие Ирана для открытия Ормузского пролива

Президент Ирана Масуд Пезешкиан заявил, что Ормузский пролив возобновит свою работу только в случае полного снятия блокады...

Рекордные призовые Елены Рыбакиной на US Open-2026

За триумф на Открытом чемпионате США Елена Рыбакина заработала 5,5 миллиона долларов (около 2,48 миллиарда тенге), что...

Путин заявил, что ввод войск Европы в Украину будет...

Это заявление президент России Владимир Путин сделал во время общения с журналистами по итогам первого дня своего...