Астана су тасқынына дайын ба?

Астанада су қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған екі ірі жоба жүзеге асады. Олар – Астана су қоймасын кешенді реконструкциялау және қаланың қорғаныс бөгетін жаңғырту.

1970 жылы пайдалануға берілген Астана су қоймасы алғаш рет толық көлемде жаңғыртылады. Жоба аясында бөгет, тасқын су өткізгіш, автомобиль көпірі қайта салынып, негізгі гидротехникалық жабдықтар толық ауыстырылады. Сонымен қатар су деңгейін үздіксіз бақылайтын цифрлық мониторинг, автоматтандырылған басқару, бейнебақылау және ерте ескерту жүйелері енгізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар гидротораптың сенімділігін арттырып, су тасқыны қаупін азайтуға, сондай-ақ Астана мен Ақмола облысын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге елорданың қорғаныс бөгеті де қайта жаңғыртылады. Жоба бойынша ұзындығы 4,2 шақырымнан асатын жаңа бөгет салынып, секундына 238,4 текше метрге дейін су өткізе алатын автоматтандырылған апатты су тастағыш пен Нұра өзеніне бағытталатын су бұру арнасы іске қосылады.

Сондай-ақ жаңа дренаж жүйесі, цифрлық мониторинг және халықты ерте хабардар ету жүйесі енгізіледі. Нәтижесінде төтенше су тасқындары кезінде қаланы қорғаудың көпдеңгейлі инженерлік жүйесі қалыптасады.

Жоба тұрғын тұрғын үйлерді, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды су басу қаупінен қорғап, елорданың климаттық өзгерістерге төзімділігін арттыруға бағытталған.

Еще больше интересного

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАЛА КЕЗДЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ

Қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатын сақтау – мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі. Бұл бағыттағы жұмыс тек...

«Байсейітованың айнасы, Брусиловскийдің фортепианосы»: Алматыда өнер мұражайы қайта жаңғырды

Алматыда «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасы қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жаңартылған интерактивті музейдің...

Министр донорлыққа келісім берді

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісімін eGov арқылы тіркеді. Министр бұл...