19 шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия 29 шілдеге дейін жалғасады.
Шараның ресми ашылу рәсіміне Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Халед Әл Анани қатысты.
Сессияға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенциясына 196 мемлекеттен шамамен 3 000 қатысушы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді.
Отырыс барысында Ұйым Дүниежүзілік мұра тізіміне 30 жаңа ұсыныстың енгізілуін, сондай-ақ мұра объектілерінің сақталу жай-күйіне қатысты 147 есепті қарастырады.
Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі ретінде сессия жұмысына белсенді қатысуда.
Сессия барысында Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар» номинациясын қарау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бағытындағы жұмысты бастауды тапсырған болатын.
Еще больше интересного

Зеленский Украина армиясын қысқартуды және бейтарап мәртебесін талқылаудан бас...
Украина президенті Владимир Зеленский Киев қарулы күштердің санын қысқарту және елдің бейтарап мәртебесін белгілеу мәселелерін талқылауға келіспейтінін...

Түркістан облысында жасөспірім комбайнға қысылып қалды
Бүгін Түркістан облысы Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында жазатайым оқиға болды.
2009 жылы туған жасөспірім комбайнды жөндеу кезінде...
Қазақстанда күзгі демалыс басталды. Оқушылар 7 күн демалады
Мектеп оқушыларының күзгі демалысы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады. Сабақ 2 қарашада қайта басталады.
Демалыс кезінде мектептер...


