VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанатын жүргізген Айзада Жамгырчиеваға қазақстандықтар автокөлік атады.
Ол ашылу рәсімінде Қазақстанды жоғары деңгейде таныстырып, көпшіліктің ықыласына бөленген.
Чолпон-Атадағы «Көк бөрү» аренасында өткен марапаттау рәсімінде Қазақстан Көкпары федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров Айзадаға көлік берілетінін жариялады. Автокөлік жақын күндері табысталады.




