
Бүгін Түркістан облысы Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында жазатайым оқиға болды.
2009 жылы туған жасөспірім комбайнды жөндеу кезінде аяғын орақ аппаратына қыстырып алған.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен жасөспірімді босатып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
🎥: 112kz




