Қарағанды облысына қарасты Қорғалжын-Баршын жолы қашан жөнделеді?
Үкіметте өткен брифингте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қарағанды облысына қарасты сапасын сын көтермейтін 110 шақырымдық Қорғалжын-Баршын жолына қатысты «ҚазАвтоЖол» ҰК мен Қарағанды облысының әкімдігіне тапсырма берді.
Нәлібаев аталған жолдың жағдайы толық зерттеліп, сол жол бойында қанша ауыл отырғаны анықталады деді.
Айта кету керек, тәуелсіздік алған жылдардан бері Қорғалжын-Баршын жолына нақты жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Тек жолды тегістеу жұмысы ғана жасалған.





