Алматылық зейнеткерлер таңғы жаттығудан соң дауыс беруге келді

Алматыдағы №250 сайлау учаскесінде сайлау күні сергек көңіл күймен басталды.

Учаскеге алғашқылардың бірі болып скандинавиялық жүріспен тұрақты айналысатын зейнеткерлер келді. Қариялар әдеттегідей таңғы жаттығу жасап, артынша дауыс беруге бет алған.

Олар үшін спорт — күнделікті өмір салты. Тұрақты жаттығу мен серуен денені шынықтырып қана қоймай, сергек жүруге және қоғамдық өмірден қол үзбеуге мүмкіндік береді. Дауыс бергеннен кейін зейнеткерлерге естелік ретінде шоколад табысталды.

Спортты серік еткен алматылық қариялар қоғамдық өмірге де белсене араласып келеді. Олардың бүгінгі әрекеті сергектік пен азаматтық жауапкершіліктің жасқа қарамайтынын аңғартты.

Осылайша, №250 сайлау учаскесінде күн таңғы жаттығудан басталып, маңызды таңдаумен жалғасты.

Еще больше интересного

Кітап оқудың пайдасы неде?

Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасын жариялағалы бері кітап оқу мәдениеті жиі талқыланып жатыр. Осыған қатысты сарапшы...

Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады?

https://youtu.be/FOoObYLz4WI Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады? Қазақстанда жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастамақ. Кеңес төрағасы әлі...

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...