Алғашқы АЭС құрылысы 2027 ж басталады

Владивостокта Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.

Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» мемлекеттік атом энергиясы корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Атомстройэкспорт» АҚ арасында қол қойылды.

Келісімге қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қатысты.

Келісімшарттың жасалуы Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жобасының практикалық кезеңге өткенін білдіреді.

Тараптар 2026 жылғы 28 мамырда жасалған үкіметаралық келісімге сәйкес, жобаны іске асыруға қажетті рәсімдерді, оның ішінде Қазақстан Үкіметімен тиісті келісулерді жүргізуге кіріседі.

АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп, елдің тұрақты базалық электр энергиясына деген ұзақ мерзімді қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында отандық кәсіпорындар мен мамандарды барынша тартуға, жергілікті қамтуды арттыруға және жаңа өндірістер мен технологияларды дамытуға басымдық берілмек.

Сонымен қатар жоба атом энергетикасы саласында жоғары білікті кадрлар даярлауға және Қазақстанның ұлттық технологиялық құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алғашқы АЭС құрылысы елдің энергетикалық және технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған стратегиялық жобалардың бірі болмақ. Агенттіктің мәліметінше, алғашқы АЭС құрылысы 2027 ж басталады.

Еще больше интересного

Әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеді: пияз 7,2%-ға арзандады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың 26 тамызы мен 2 қыркүйек аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының...

Полиция қызметкері күйеу баласына оқ атқан

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Сот материалдарына...

Қазақ елінің ықыласы: Көшпенділер ойындарының жүргізушісі Айзадаға көлік атады

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанатын жүргізген Айзада Жамгырчиеваға қазақстандықтар автокөлік атады. Ол ашылу рәсімінде Қазақстанды...