Атыраудағы қанды қылмыс: прокурор өмір бойына соттауды талап етті

Фото: Казинформ

Прокурор отбасы мүшелерін өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Прокурор Атырау облысында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталып жатқан Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны өзіне тағылған барлық айыптар бойынша кінәлі деп тануды талап етті. Оған адам өлтіруден бөлек, ұрлық, алаяқтық, мал ұрлығы, сондай-ақ құжаттарды заңсыз иемдену және жасыру баптары бойынша да айып тағылған. Прокурор барлық айыптардың жиынтығын ескере отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Ал Сәрсемәлиев сотта Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірмегенін тағы да мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам екеуінің арасында туындаған жанжал кезінде қаза болған.

Сот процесінің келесі кезеңінде айыпталушы соңғы сөзін айтады. Одан кейін сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсанында полицияға төрт адамнан тұратын отбасының – егде жастағы ерлі-зайыптының және олардың ұлы мен қызының жоғалғаны туралы хабар түскен. Кейін ағасы мен қарындасының мәйіттері Атырау қаласының маңынан табылды. Тергеу мәліметінше, Индонезиядан экстрадицияланған Сұлтан Сәрсемәлиев қылмыс жасағанын мойындаған. Бұрынғы жұбайының ата-анасының мәйіттері шаруашылық құрылысынан, ал олардың балаларының денелері айыпталушы бұрын жалдап тұрған үйдің маңынан табылған.

Биыл мамыр айында сотталушы ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемденуге қатысты эпизодтар бойынша кінәсін мойындаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, адам өлтіргеннен кейін ол марқұмдарға тиесілі малды сатып, олардың банк карталарындағы ақшаны иемденіп, қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасаған.

Еще больше интересного

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРЫП, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТУДА

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен өмір сапасын айқындайтын маңызды міндет. Қазақстанда бұл бағыттағы...

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН: ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУҒА БАСЫМДЫҚ

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономиканың маңызды тіректерінің бірі саналады. Қазір салада ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу, өндірісті технологиялық...

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына пікір білдірді

https://youtu.be/vgcDg3QlTuU «Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты....