Зеленский Украина армиясын қысқартуды және бейтарап мәртебесін талқылаудан бас тартты

Украина президенті Владимир Зеленский Киев қарулы күштердің санын қысқарту және елдің бейтарап мәртебесін белгілеу мәселелерін талқылауға келіспейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол ықтимал үшжақты келіссөздерге дайындық аясында «1+1» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Украина басшысының сөзінше, қарашаға жоспарланған кездесуде мемлекет басшылары деңгейінде келіссөз өткізу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

Зеленский аумақтық мәселелерді тек ел басшылары шеше алатынын атап өтті. Сонымен қатар Киев Ресей ұсынған қауіпсіздік шарттарын қабылдауға ниетті емес.

Украина тарапы АҚШ ұсынған аумақ алмасу нұсқасын да қолдамайды.

Бұдан бөлек, Зеленский серіктестерін Украина, АҚШ және Ресей басшыларының қатысуымен үшжақты келіссөздер өткенге дейін Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға асықпауға шақырды.

Бұған дейін Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин мұндай кездесу өткізу мүмкіндігі туралы мәлімдеген еді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп қақтығыс жақын арада аяқталатынына сенім білдірген.

Еще больше интересного

ТЕҢГЕ ТУРАЛЫ КӨПШІЛІК БІЛЕ БЕРМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. Содан бері ол ел тәуелсіздігінің экономикалық...

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРЫП, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТУДА

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен өмір сапасын айқындайтын маңызды міндет. Қазақстанда бұл бағыттағы...

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН: ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУҒА БАСЫМДЫҚ

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономиканың маңызды тіректерінің бірі саналады. Қазір салада ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу, өндірісті технологиялық...