Уақыт берейік: Депутат пікірі

Уақыт берейік: ДЕПУТАТ ПІКІРІ
Жаңа Құрылтай жаңа үкіметті жасақтауға өз үлесін қосты. Олжас Бектенов бастаған министрлер кабинеті айтарлықтай өзгерген жоқ. Тек 4 министрліктің басшысы ауысты. Сыртқы істер министрлігін енді Мұхтар Тілеуберді басқарады. Бұған дейін ол Қазақстанның Аустриядағы Елшісі әрі Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болған. Ал осыған дейін саланы басқарған Ермек Көшербаевтың қайда баратыны әзірге белгісіз. Төтенше жағдайлар министрі де ауысты. Шыңғыс Әрінов орнын Мұрат Мұхановқа босатып берді. Ол Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарған. Ал зейнет жасына келген Ерлан Нысанбаев қызметінен кетіп, оның орнына Экология және табиғи ресурстар министрі болып Әлібек Қуантыров келді. Мәдениет және ақпарат министрлігін енді Арман Қырықбаев басқарады. Бұның алдында Қырықбаев Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болған еді.Су жаңа депутат Мақсұт Насибулов «Уақыт берейік.Бір жағынан жаңа, екінші жағынан жартылай жаңа министрлер кабинеті өз жұмысын көрсетеді деген ойдамыз»-дейді.

Еще больше интересного

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...

«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет...

Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі...