Қазақстанда үй жануарларына қойылатын ең танымал аттар белгілі болды

Қазақстанда үй жануарларын тіркеуге арналған TAÑBA бірыңғай ақпараттық жүйесінде 400 мыңға жуық ит пен мысық және басқа да үй жануарлары есепке алынған. Цифрлық жүйе арқылы жануардың аты, тұқымы, жынысы, туған күні, сәйкестендіру нөмірі және иесі туралы мәліметтер сақталады. Сонымен қатар оның вакцинациясы, стерилизациясы және өзге де ветеринариялық процедуралары туралы ақпарат енгізіледі.

Қазіргі таңда жүйеде 291 761 ит және 107 414 мысық тіркелген.

Реестр деректері бойынша, иттер арасында ең танымал ат — Ақтөс. Бұл есім 8 863 итке қойылған. Екінші орында Шарик – 6 027, одан кейін Рекс – 5 409, Тузик – 4 243 және Лайка – 4 137.

Иттерге ең жиі қойылатын он есімнің қатарына сондай-ақ Арлан (3 012), Мойнақ (2 382), Алапар (2 056), Барсик (2 004) және Барбос (1 963) кіреді.

Ал мысықтар арасында көш бастап тұрған есім — Мурка. Мұндай ат 2 236 мысықта бар. Одан кейін Муся – 1 529, Барсик – 1 491, Мурзик – 842, Соня – 833, Рыжик – 721, Симба – 698, Алиса – 657 тұр. Вася мен Кузя есімдерін 604 мысықтан иеленген.

TAÑBA жүйесінде ит пен мысықтан бөлек, сирек кездесетін үй жануарлары да тіркелген. Мәселен, реестрде 8 қоян, 4 күзен, сондай-ақ бір-бірден тасбақа, сәндік егеуқұйрық, ергежейлі шошқа, атжалман және капибара бар.

Олардың кейбірінің есімдері де ерекше. Тасбақаға Айша, атжалманға Томпи, ергежейлі шошқаға Библик, сәндік егеуқұйрыққа Финик, ал капибараға Борис деген ат қойылған. Қояндардың арасында Кембридж, Оксфорд, Рафинад және Снежинка, ал күзендер арасында Пирожок, Умка, Кипиш және Жижа деген кличкалар кездеседі.

Жүйеде теңіз шошқасы, шиншилла, қоян, маймыл және кірпі секілді басқа да үй жануарларын тіркеуге арналған санаттар қарастырылған. Әзірге бұл санаттар бойынша жануарлар тіркелмеген.

TAÑBA жүйесі үй жануарлары туралы мәліметтерді бір базаға жинақтап, олардың иесін анықтауды жеңілдетуге және ветеринариялық деректерді цифрлық форматта өзекті күйде сақтауға мүмкіндік береді.

Еще больше интересного

Кітап оқудың пайдасы неде?

Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасын жариялағалы бері кітап оқу мәдениеті жиі талқыланып жатыр. Осыған қатысты сарапшы...

Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады?

https://youtu.be/FOoObYLz4WI Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады? Қазақстанда жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастамақ. Кеңес төрағасы әлі...

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...