Қайтарылған активтер қайда жұмсалып жатыр?

Мемлекет меншігіне қайтарылған 1 триллион теңгеден астам қаражат ел игілігіне бағытталуда.

Көлік саласында қайтарылған активтер есебінен жалпы құны 40 миллиард теңгеден асатын 6 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның үшеуі қазірдің өзінде аяқталған.

Павлодар әуежайы жаңартылып, оның өткізу қабілеті сағатына 200-ден 300 жолаушыға дейін артты.

Арқалық әуежайында жаңа терминал салынып, ұшу-қону жолағы қайта жаңартылды. Бұл қала тұрғындарына 30 жылдан астам уақыттан кейін тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Балқаш әуежайы да 1 маусымда пайдалануға берілді. Оны жыл сайын мыңдаған тұрғын мен турист пайдаланады.

Қайтарылған активтер енді нақты жобаларға жұмсалып, елдің инфрақұрылымын дамытуға қызмет етуде.

Яғни заңсыз активтер – мектеп, аурухана, спорт нысандары мен жол-көлік инфрақұрылымына қайта бағытталуда.

Еще больше интересного

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...

«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет...

Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі...