Қытайлық қонақ YE концертіне Алматыға арнайы келді

YE концертіне әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер жиналуда. Артистің өнерін тамашалау үшін Қытайдан арнайы келген Кристалл Лю Алматыда үш күн болуды жоспарлап отыр.

«Баршаңызға қайырлы кеш! Менің атым Кристалл Лю. Мен Қытайдан Канье Уэсттің концертіне арнайы келдім. Алматыда үш күн боламын. Бұл перформансты асыға күтіп отырмын», – деді ол.

Кристалл Лю сұхбат барысында артистің шығармашылығына деген қызығушылығын да көрсетті. Ол камера алдында YE-нің танымал әндерінің бірі «All Falls Down» композициясын орындап, көрермендерге шағын музыкалық сый тарту етті.

Осылайша, Қытайдан келген қонақ Алматыдағы концертті асыға күтіп отырғанын айтып, сүйікті әндерінің бірін орындап, ерекше әсерімен бөлісті.

Еще больше интересного

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...

«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет...

Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі...