“Әділет” партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысуда.
Съездің пленарлық отырысы басталар алдында партия Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оның алаңында күн тәртібіндегі мәселелер мен партия қызметінің негізгі бағыт-бағдары талқыланды. III Съезд делегаттары Сайлауалды бағдарламаны, кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындайды, сондай-ақ қорытынды Қаулы қабылдайды. 10 шілдеге дейін партия ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрды және басшылық органдарын жасақтады. Өңірлік Саяси кеңестердің құрамына 808 адам, Бақылау-тексеру комиссияларының құрамына 100 адам енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім беру және ғылым, үкіметтік емес сектор мен кәсіподақтар, мәдениет және спорт, өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, экономика, құқықтану, IT және креативті индустрия салаларының өкілдері бар. «Әділет» партиясы түрлі кәсіби қоғамдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілі саналатын қазақстандықтардың бастамасымен құрылды. 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында партияның құрылтай съезі өтті. 2026 жылғы 1 маусымда заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді. Қазір «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын жалғастыруда.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...