Астана су тасқынына дайын ба?

Астанада су қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған екі ірі жоба жүзеге асады. Олар – Астана су қоймасын кешенді реконструкциялау және қаланың қорғаныс бөгетін жаңғырту.

1970 жылы пайдалануға берілген Астана су қоймасы алғаш рет толық көлемде жаңғыртылады. Жоба аясында бөгет, тасқын су өткізгіш, автомобиль көпірі қайта салынып, негізгі гидротехникалық жабдықтар толық ауыстырылады. Сонымен қатар су деңгейін үздіксіз бақылайтын цифрлық мониторинг, автоматтандырылған басқару, бейнебақылау және ерте ескерту жүйелері енгізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар гидротораптың сенімділігін арттырып, су тасқыны қаупін азайтуға, сондай-ақ Астана мен Ақмола облысын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге елорданың қорғаныс бөгеті де қайта жаңғыртылады. Жоба бойынша ұзындығы 4,2 шақырымнан асатын жаңа бөгет салынып, секундына 238,4 текше метрге дейін су өткізе алатын автоматтандырылған апатты су тастағыш пен Нұра өзеніне бағытталатын су бұру арнасы іске қосылады.

Сондай-ақ жаңа дренаж жүйесі, цифрлық мониторинг және халықты ерте хабардар ету жүйесі енгізіледі. Нәтижесінде төтенше су тасқындары кезінде қаланы қорғаудың көпдеңгейлі инженерлік жүйесі қалыптасады.

Жоба тұрғын тұрғын үйлерді, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды су басу қаупінен қорғап, елорданың климаттық өзгерістерге төзімділігін арттыруға бағытталған.

Еще больше интересного

2029 жылға дейін Ұлттық қордан инфрақұрылымға 6,5 трлн теңге...

Қазақстанда 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл...

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

https://youtu.be/Gqp-xAWrzK4

Тоқаев ең төменгі жалақыны 100 мың теңгеге дейін көтеруді...

Мемлекет басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін арттыруды...