
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен өмір сапасын айқындайтын маңызды міндет. Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыстар инженерлік желілерді жаңғырту, жаңа су құбырларын тарту және елді-мекендерді орталықтандырылған жүйеге қосу арқылы жүзеге асырылуда.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2024–2025 жылдары ауыз сумен жабдықтау бойынша 22 жоба іске асырылып, 321 елді-мекендегі шамамен 945 мың тұрғын қамтылды. 2026 жылы да елімізде су инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып отыр. 21 қазандағы ведомство ақпараты бойынша, жаңа нысандардың іске қосылуы нәтижесінде 1,1 мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылыған су жүйесіне қосылды.
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев су инфрақұрылымын жаңғыртуды елдің орнықты дамуының маңызды факторы ретінде атап өтті. Президент тапсырмасы аясында 2029 жылға дейін шамамен 8 мың шақырым су құбыры мен кәріз желісін жаңғырту жоспарланып отыр.





