Ақылды каскалар

Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілерінде жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында экшн-камераларды енгізуде.
2024 жылы пилоттық жоба аясында алғашқы экшн-камераларды пайдалана бастады. Бүгінгі таңда олардың жалпы саны 268-ге дейін жетті.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр желілері аудандарының (ЭТА) барлық жедел-көшпелі бригадалары ақылды каскалармен жабдықталған. Шеберлер бригадаларын жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
Камералар қауіпсіздік талаптарының сақталуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. ЭТА басшылары, диспетчерлер және еңбекті қорғау мамандары ықтимал қауіп-қатерлерді жедел анықтап, қажет болған жағдайда жұмыстарды тоқтатуды талап ете алады. Сонымен қатар бейнежазбалар тұрақты түрде талданып, анықталған бұзушылықтар бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және қосымша нұсқамалар беріледі.
Экшн-камераларды енгізу еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге, қауіпті жағдайларды уақтылы анықтауға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдауға көмектеседі.

Еще больше интересного

Амур Үмітіне аттанды

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Амур есімді...

Атырауда экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен 10 адам...

Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитеті 10 адамды ұстады. Олар экстремистік топ құрды, оған жетекшілік етті және терроризмді насихаттады...

Ауыл шаруашылығының әлеуеті күшейеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін...