
Қазақстанда жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі–белсенді, жауапты және бастамашыл жастар ортасын қалыптастыру. Бүгінде мемелекет жастардың қоғамдық өмірге қатысуын кеңейтуге, еріктілік қызметін дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевжастардың елдің жаңғыруындағы рөлін бірнеше рет атап өткен. “Жастар–еліміздің стратегиялық ресуры. Олардың білім алып, еңбек етіп қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласуы аса маңызды”, –деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Жастардың қоғамдық белсенділігі артып келеді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағатталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде жастар волонтерлік қызметке, экологиялық акцияларға, қоғамдық бақылауға, қайырымдылық жобаларына және әлеуметтік бастамаларға кеңінен тартылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, жастардың көшбасшылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беруде. Соңғы жылдары Қазақстанда еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Белсенді жастар табиғи апаттардың салдарын жою, экологиялық бастамалар, әлеуметтік көмек көрсету, қайырымдылық акциялары және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру бағытында маңызды жұмыстар атқаруда. Мемлекет бұл қозғалысты заңнамалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қолдап келеді. Волонтерлік қызмет жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жастардың қоғамдық белсенділігін жаңа деңгейге көтерді. Мыңдаған жас сенбіліктерге, ағаш отырғызу акцияларына, өзен-көлдерді тазарту жұмыстарына және экологиялық ағартушылық жобаларға қатысып келеді. Бұл бастама жастар арасында табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге ықпал етуде.
Белсенді азамат – мықты мемлекет негізі
Сарапшылардың пікірінше, жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуы азаматтық қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Белсенді жастар жаңа идеялар ұсынып, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысады және мемлекеттік институттар мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың бастамашылдығы мен жауапкершілігі еліміздің ұзақ мерзімді дамуы үшін шешуші фактор екенін атап өткен. «Әділетті Қазақстанды құру – бәрімізге ортақ міндет. Бұл жолда жастардың белсенділігі, жаңашылдығы және жауапкершілігі ерекше маңызды», – деген болатын Мемлекет басшысы.




