19 шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия 29 шілдеге дейін жалғасады.
Шараның ресми ашылу рәсіміне Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Халед Әл Анани қатысты.
Сессияға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенциясына 196 мемлекеттен шамамен 3 000 қатысушы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді.
Отырыс барысында Ұйым Дүниежүзілік мұра тізіміне 30 жаңа ұсыныстың енгізілуін, сондай-ақ мұра объектілерінің сақталу жай-күйіне қатысты 147 есепті қарастырады.
Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі ретінде сессия жұмысына белсенді қатысуда.
Сессия барысында Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар» номинациясын қарау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бағытындағы жұмысты бастауды тапсырған болатын.
Еще больше интересного

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл
Елімізде архив ісінің дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Тарихи құжаттарды сақтау, қалпына келтіру және цифрлық форматқа көшіру...

БАЛАЛАР КОНТЕНТІ – ҚАУІПСІЗ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ
Қазақстанда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапалы ұлттық контентті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады....

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Қазақстанда жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі–белсенді, жауапты және бастамашыл жастар ортасын қалыптастыру. Бүгінде мемелекет жастардың қоғамдық өмірге...


