Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растады.
Онымен бірге аты-жөні жарияланбаған бірнеше адам да қолға түскен. Олар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.
Ал «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы бүгін басқарма мүшелері – өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбеков пен коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байгужиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады.





