Гардеробтағы кептеліс: мектеп директоры қызметінен кетті

Астанадағы №99 мектепте оқушылардың гардеробта қысылып қалғаны түсірілген видео тарады. Оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.

Білім басқармасының мәліметінше, екінші ауысымда жеті сыныптың сабағы қатар аяқталып, оқушылар гардеробқа бір уақытта барған. Әлеуметтік желіде бір оқушының қысылып, құлап, есінен танып қалғаны айтылғанымен, бейнебақылау бұл ақпаратты растамаған.

Оқиғадан кейін гардероб қызметкері де жұмыстан шығарылды. Мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Видео: Astanovka98

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...