Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті.

Отырыста Комитеттің жұмыс форматы мен 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Сондай-ақ үш салалық комиссияның жұмысы айқындалды.

Олар білім беру және адами капитал, әлеуметтік саясат, азаматтық қатысу және волонтерлік бағыттарын қамтиды.

Комиссиялар білім сапасындағы өңірлік алшақтық, педагог тапшылығы, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және азаматтық белсенділікті дамыту мәселелерін қарастырады. Жұмысқа сарапшылар, бизнес өкілдері, ҮЕҰ және мемлекеттік органдар тартылмақ.

Сонымен қатар Төралқа мүшесі Бағдат Мусин «Таза Қазақстан» жобасына арналған цифрлық экожүйе құруды ұсынды.

Комитеттің негізгі мақсаты – қоғамдық бастамаларды талқылап, сараптамадан өткізу және нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Римде Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары...