Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Римде Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің қатысуымен үкіметаралық жұмыс тобының 10-отырысы өтті.

Кездесуде өзара сауданы әртараптандыру, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, энергетика, көлік және логистика, агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

2025 жылы Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы шамамен 16,9 млрд долларды құрады. Ал 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында бұл көрсеткіш 9,79 млрд долларға жетті. Қазақстанның Италия нарығына қосымша экспорттық әлеуеті 307,5 млн долларға бағаланып отыр.

Сондай-ақ тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, Ақтау мен Құрық порттарының мүмкіндігін пайдалану, инвестиция тарту және қазақстандық өнімді Италия нарығына ілгерілету мәселелерін қарастырды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, экология, су ресурстары, туризм, спорт, мәдениет және білім салаларындағы байланысты нығайтуға уағдаласты.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...