10 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысында бірнеше күн бойы жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Су тасқыны мен лай көшкінінен үйлер қирап, кемінде 10 адам көз жұмды, 17 адам жарақат алды. Ең көп зардап шеккен аймақтардың қатарында Сычуань провинциясы мен Гуанси өңірі бар.

Сычуаньда ауылдағы үйлердің бірі жауын суының әсерінен опырылып, бес адам қаза тапқан. Қайғылы жағдай 18 тамызда балалардың жоғары оқу орнына түсу нәтижесін атап өтуге арналған жиын кезінде болған. Чаннин уезінде тағы бір үйдің құлауынан үш адам көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада қайтыс болған. Нөсер жауын таулы аймақтарда лай көшкіні мен су тасқыны қаупін күшейтіп, бірқатар жолдың жабылуына себеп болды. Қауіпсіздік мақсатында Чэнду, Цзыгун және басқа да аудандардан 21 784 адам эвакуацияланды. Синоптиктер жауын-шашынның жалғасуына байланысты өңірде жаңа су тасқыны мен лай көшкіні қаупі сақталып отырғанын ескертті. Құтқару қызметтері апаттан зардап шеккен аумақтарда жұмысын жалғастырып жатыр.

Еще больше интересного

Қазақ елінің ықыласы: Көшпенділер ойындарының жүргізушісі Айзадаға көлік атады

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанатын жүргізген Айзада Жамгырчиеваға қазақстандықтар автокөлік атады. Ол ашылу рәсімінде Қазақстанды...

Елдос Сметов төртінші Олимпиада үшін мансабын жалғастырмақ

Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды көздеп отыр. 33 жастағы спортшы...

Тоқаев көшпенділер ойындарындағы жетістіктері үшін қазақстандықтарды марапаттайтынын айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы ұлттық құраманың өнерін бақылап отыр. Мемлекет басшысы...