37,8 млн теңге алимент қарызы: қазақстандықтың Toyota Land Cruiser көлігі тәркіленді

Автомобиль. Кадр из видео: t.me/GenPr

Ақтауда алимент бойынша 37,8 миллион теңге қарызы бар азаматтың Toyota Land Cruiser автокөлігі өндіріп алушыға берілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, жыл басынан бері Ақтауда алимент алушылардың пайдасына 134,8 миллион теңге өндірілген.

Борышкерлермен жұмыс барысында екі автокөлік, екі пәтер және бір жер учаскесі тәркіленіп, өндіріп алушыларға берілген.

Соның ішінде 37,8 миллион теңге алимент қарызы бар азаматтың атына тіркелген Toyota Land Cruiser көлігі анықталған. Жеке сот орындаушысы жол талғамайтын көлікті 25,5 миллион теңгеге бағалап, қарызды өтеу есебінен алимент алушыға берген.

Тағы бір жағдайда алимент алушыға құны 13,4 миллион теңге болатын пәтердегі үлес табысталған.

Бұдан бөлек, табысын жасырғаны және ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарғаны үшін 46 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тағы 11 адамға қатысты қылмыстық іс тіркелген.

Еще больше интересного

11 жастағы қызбаланы трактор басып кетті

Текеліде жол жөндеу жұмыстарына қатысқан трактор 11 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Қайғылы оқиға 3 қарашада...

Павлодарда пробация инспекторы 400 мың теңге пара алғаны үшін...

Тергеу материалдарына сәйкес, бұрынғы инспектор пробация есебінде тұрған сотталушыдан заңда көзделген шараларды қолданбау үшін ақша талап еткен....

Астана – Алматы және Семей бағыттарына жаңа Stadler пойыздары...

5 қарашадан бастап жаңа Stadler вагондарынан жасақталған пойыздарға билет сатыла бастайды. Алғашқы рейстер Астанадан Алматыға 11 қарашада,...