43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталған және 34 азамат тергелуде

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берді деп хабарлайды pikirmedia.kz, Ақорда ақпаратына сүйене отырып.

Ермек Сағымбаевтың мәлімдеуінше, 43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталған және 34 азамат тергеліп жатыр, терроризм мен экстремизмге қатысы бар 212 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол берілмеді, радикалды ұйымдарға мүше 1498 шетелдік адамның елімізге келуіне шектеу қойылды.
Террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 12 шетелдік азамат ұсталды.
13 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, олардың 142 мүшесі ұсталған және 40 азамат тұтқындалған.
Заңсыз айналымда жүрген 282 атыс қаруы, 48 граната мен 4586 оқ-дәрі тәркіленген.
Есірткі өндіретін 12 зертхана, сондай-ақ 13 халықаралық және 12 өңірлік тасымал арнасы жойылған. Заңсыз айналымнан 3,2 тонна есірткі мен психотропты заттар, 7,5 тонна прекурсорлар алынды.

43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталған және 34 азамат тергелуде
Фотосурет: https://t.me/aqorda_resmi/24698

Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жемқорлық пен құқыққа қайшы басқа да әрекет жасаған мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін 15 лауазымды тұлға құрықталды, 1,6 триллионнан аса теңге көлемінде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, оның 220 миллиард теңгесі қазынаға қайтарылды.
Шекарадағы қауіпсіздік мәселесіне келетін болсақ, шекараны бұзған 16 мыңнан астам адам ұсталып, 3025 тұлға елден шығарылды, қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 600-ден аса факті әшкереленді, шекара арқылы 11 миллиард теңге мен құны 16,6 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз алып өтуге жол берілмеді, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жасалған 796 миллион кибершабуыл әшкереленген.
Өз кезегінде Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырманы жүктеді.

Еще больше интересного

Индустриядағы іске аспаған жоба

Дамыған автомобиль өнеркәсібі – кез келген елдің индустриялық және технологиялық деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі. Осыны ескерген...

Инфляцияны төмендету мәселесі Үкімет бақылауында.

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктерін белсенді қолдануды тапсырды. Соңғы екі айда инфляция 12,4%-ға...

Аким Астаны попросил депутатов быть осторожнее в высказываниях

Во время сессии столичного маслихата аким Астаны Женис Касымбек призвал депутатов тщательнее подбирать слова и отвечать за...