5 жасар бала тоққа түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр

Астанадағы балалар алаңында электр тоғына түскен бес жасар бала жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Бұл туралы баланың анасы Ұлжан Амдумаликова PikirMedia.kz редакциясына хабарлады.

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.

А-105 көшесіндегі №11 үйдің тұрғындары әлеуметтік желіде оқиғаның 16 тамызда үйдің маңындағы балалар алаңында болғанын хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, электр кабелінің бірнеше тармағы болған, олардың бірі тікелей балалар алаңының аумағы арқылы өтеді. Кабельдің бір бөлігі жалаңаш жатқан.Тұрғындар оқиға болған түні кабельден ұшқын шыққанын да айтады. Бұл маңда «Ғаламат» Құрылыс компаниясы жеке тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Компания өкілдеріне электр кабелін талапқа сай орналастырып, көміп тастау қажеттігі бірнеше рет айтылған. Бірақ бала тоққа түскен соң ғана кабель тоқтан ажыратылды.

Сарайшық аудандық әкімдігінің мәліметінше, аумақтағы кабель мәселесіне бұған дейін де ескерту жасалған. Тексеру қорытындысы бойынша компанияға кабельдің орналасуына қатысты заңбұзушылықты жою тапсырылған. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына қатысты басқа да кемшіліктер анықталған.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еще больше интересного

Кітап оқудың пайдасы неде?

Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасын жариялағалы бері кітап оқу мәдениеті жиі талқыланып жатыр. Осыған қатысты сарапшы...

Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады?

https://youtu.be/FOoObYLz4WI Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады? Қазақстанда жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастамақ. Кеңес төрағасы әлі...

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...