5 алтын: Қазақстандық оқушылар тарихи жетістікке жетті!

Қазақстандық оқушылар 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO-2026) алғаш рет 5 алтын медаль алды.
Колумбияда өткен беделді олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Осындай мықты бәсекеде қазақстандық жас физиктер топ жарып, ел тарихына жаңа рекорд енгізді.
Жеңімпаздарды Алматы әуежайында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова салтанатты түрде қарсы алып, оқушыларды тарихи жетістіктерімен құттықтады. Министр ұлттық құраманы жоғары деңгейде дайындауға және тарихи нәтижеге қол жеткізуге үлес қосқан педагогтер мен тәлімгерлерге алғысын білдірді.
Халықаралық физика олимпиадасының бес алтын медаль иегерлері — Нұргүл Егенбергенова, Әмірбек Азатбеков, Ілияс Қазымбек, Роман Черемнов және Дамир Құрман болды. Олармен бірге елге ұлттық құраманы дайындау жөніндегі жетекші Гүлия Нұрбақова, сондай-ақ команда жетекшілері Самат Мақсұтов пен Әлішер Еркебаев бар.

Еще больше интересного

2029 жылға дейін Ұлттық қордан инфрақұрылымға 6,5 трлн теңге...

Қазақстанда 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл...

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

https://youtu.be/Gqp-xAWrzK4

Тоқаев ең төменгі жалақыны 100 мың теңгеге дейін көтеруді...

Мемлекет басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін арттыруды...