Алатауды кім басқарады?

Алатауды кім басқарады?

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, заңның басты мақсаты – Алатаудың жедел әрі тұрақты дамуына жағдай жасау. Шаһар «қарқынды дамитын қала» ретінде арнайы құқықтық режимге ие болып, дербес экожүйе ретінде қалыптасады. Бұл жеке қаржылық модель, ерекше басқару жүйесі және жаңа институционалдық негізді қамтиды. Жобаны әзірлеу барысында Шэньчжэнь, Хайнань, Седжон, Сонгдо, сондай-ақ Сингапур, Дубай және Доха қалаларының тәжірибесі ескерілген. Халықаралық тәжірибе тиімді даму үшін арнайы мәртебеден бөлек, мықты институционалдық ортаның қажет екенін көрсетеді. Алатауда әкімшілікке салық режимдерін бекіту, инвестициялық қолдауды басқару және жеңілдіктерді дербес енгізу өкілеттіктері беріледі. Қалада жаңа салаларды дамытуға басымдық жасалмақ. Вице-премьер аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жалпы қаржы көлемін атай алмады. Бірақ ерекше қаланы салуға қызығушылық танытып отырған инвесторлар жоқ емес.

  • Инвесторлар бар. Бірнеше инвестор қазірдің өзінде 44 жоба әзірлеп отыр. АҚШ, Оңтүстік Корея, Қытай,Ресей инвесторлары қызығушылық танытуда. Отандық инвесторлар да бар. Қазірдің өзінде жалпы құны 1,8 трлн теңге болатын 44 инвестициялық жоба қалыптастырылып, шамамен 30 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған,-деді Қанат Бозымбаев .
  • Алатау ғылым, туризм, медицина және инновация орталығына айналмақ. 2030 жылға дейінгі даму жоспары бекітілген, ал 2050 жылға қарай өңірлік жалпы өнім 50 млрд долларға жетеді деген болжам бар. Қалада арнайы құқықтық режим енгізіліп, толыққанды инвестициялық және бизнес экожүйе қалыптастырылады. Сондай-ақ, Алатау қаласын басқару жүйесі де өзгеше болады. Стратегиялық шешімдерді Премьер-министр басқаратын кеңес қабылдайды. Ал күнделікті әкімшілік жұмысты бас атқарушы директор жүргізеді. Мәслихат пен әкімдік әлеуметтік және коммуналдық мәселелерге жауап береді. Заманауи қаланы кім басқарады?-деген сұрақ туады.
    -Ешқандай болжам жоқ. Мен бұған дейін үш рет әкім болдым, қазір басқару ісінде жастарға жол беру керек деп есептеймін, -деді жастарға сенген вице-премьер.

Еще больше интересного

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Оқиғаны салтанатты түрде тіркеу рәсімі Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік концерт басталар алдында өтті.Саябақтың қақ ортасына орнатылған биіктігі...

БАЛАЛАР КОНТЕНТІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Балаңыз үйде жалғыз немесе бөлмесінде смартфонмен назардан тыс қалғанда не көретініне анализ жасап қараңыз. Бұл-өте маңызды. Себебі сіз бен...

Мәулен Әшімбаев: Президент Тоқаевтың реформалары құбылмалы әлемде Қазақстанға мүмкіндіктер...

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында Қазақстанның сыртқы саяси бағытының...