Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады?

Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады?

Astana International Trade Forum аясында өткен «CEO Talks: Ритейл көшбасшылары – 2025 бағыты» сессиясында еліміздегі танымал маркетплейстердің өкілдері қазақстандық тұтынушылар мен өндірушілерге не ұсына алатыны туралы айтып берді. 

Alibaba компаниясының Орталық Азиядағы өкілі Чингиз Шердің айтуынша, қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін халықаралық нарыққа шығарудан бұрын Alibaba  платформасында сынақтан өткізе алады. 

«Alibaba  өндірушілерге олардың өнімдерін қай елде, кімге сата алатынын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін жай ғана платформаға тіркеліп, белсенді жұмыс жасау қажет», — деді форум барысында Чингиз Шер. 

Wildberries  компаниясының Қазақстандағы корпоративтік байланыстар директоры Қазбек Күжімов маркетплейстің отандық нарыққа бейімделу жұмыстары жайында баяндады. 

  «Бүгінде Wildberries платформасында 120 мыңға жуық қазақстандық сатушы тіркелген. Астанада логистикалық орталықтың салынуы жергілікті экономиканың үлесін 5%-ға өсіріп отыр. Бұл бір инфрақұрылымдық нысан үшін өте үлкен көрсеткіш. Біз жаңа қызметтер ұсынып, оқыту жүргіземіз және жаңа сатушыларды тартамыз», — деді ол. 

Сонымен қатар, Wildberries қосымшаны қазақ тіліне аударғанын да атап өтті. 

«Біз қосымшаны қазақ тіліне аударғанымызды мақтанышпен айтамыз. Бұл – үлкен жұмыс, өйткені, 65 миллион тауар карточкасын бір уақытта аудару оңай болған жоқ. Ай сайын бір миллиондай карточка қосылып отырады және оларды да аударып отыру қажет. Біз тауар сипаттамасын қазақ тіліне аударатын арнайы сервисті іске қостық», — деді Қазбек Күжімов.

Halyk Finservice (Halyk Market маркетплейсі) басқарма төрайымы Мөлдір Рысалиева жекелендірілген маркетинг жайында айтты. 

«Жекелендірілген маркетинг клиент тарту шығындарын 50%-ға дейін азайта алады. Бізде клиенттердің мінез-құлқын толық зерттейтін “деректер фабрикасы” деп аталатын департамент бар. Мысалы, егер клиент  әуежайда болса, оған медициналық сақтандыруды сатып алу туралы хабарлама келуі мүмкін. Сауда орталығында жүрген кезде – тұрақ ақысын төлеуді есіне саламыз. Дәл сол сияқты тұтынушының қызығушылығына сәйкес тауар санатын да ұсынамыз», —  деді Мөлдір Рысалиева.

Ақпараттық серіктестер: Хабар Агенттігі, DKnews.kz ХАА, Kazinform ХАА, BAQ.KZ, BizMedia.kz, EL.KZ, QazaqPress.kz, MyBusiness.kz, Optimism.kz, SMARTNEWS, WEproject, THE TECH, PikirMedia.kz

Тағы оқыңыз...

Бизнеске түрмеде жұмыс орнын ашу ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнесмендерге түзеу мекмелерінде жұмыс орындарын ашуды ұсынды. Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы бұл жайында...

200 млрд теңгеден қағылып отырмыз

Қазақстан күрделі мәселеге тап болды. Елдегі жекелеген компаниялар салық төлеуден жалтару үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО)...

Қазақстаннан 15 млрд доллар шығарылған

Елден криптовалютаны пайдалана отырып, ауқымды көлемде капиталдың шығарылған. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров цифрлық активтер заңсыз қаржы шығаруға...