Алматыда Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық спорт фестивалі өтті

Алматы қаласының Алмалы ауданында Наурызнама онкүндігі аясында «СПОРТ – ДОСТЫҚ АЛАҢЫ» атты ұлттық спорт фестивалі ұйымдастырылды. Мерекелік шара ұлттық дәстүрді дәріптеп, тұрғындарды салауатты өмір салтына үндеген ерекше спорттық мерекеге айналды.

Фестивальге Алмалы аудандық әкімдігінің өкілдері, Іле ауданынан келген Республикалық аналар қоғамының мүшелері, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты. Сонымен қатар спортта дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат-колледжінің оқушылары арнайы шақырылған қонақ болды.

Іс-шараның ашылу салтанатында оқу орнының басшысы Жәмилә Танабаева қатысушыларды Көрісу күні мерекесімен құттықтап, ұлттық спортты дамытуға бағытталған мұндай бастамалардың маңызын атап өтті. Ол жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жастарды белсенді өмір салтын ұстануға шақырды.

Фестиваль бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлері бойынша тартысты сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар асық ату, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күресі және секіртпемен секіру сияқты дәстүрлі ойындарда өзара бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, фестивальдің басты мақсаты – қала тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, жастарды белсенді өмір салтына баулу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Еще больше интересного

Қарағанды облысына қарасты Қорғалжын-Баршын жолы қашан жөнделеді?

https://youtube.com/shorts/UPEjIXA_hus?feature=share Қарағанды облысына қарасты Қорғалжын-Баршын жолы қашан жөнделеді?Үкіметте өткен брифингте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қарағанды облысына қарасты...

Тегін дәрілерді дәріханаларда заңсыз сатқан: 788 заңбұзушылық анықталды

Қазақстанда науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілерді заңсыз сату деректері анықталды. 2026 жылы мұндай заңбұзушылыққа жол берген 788...

Амур Үмітіне аттанды

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Амур есімді...