
Елордада 18 мыңнан астам бала бір мезетте асық ойнап, ауқымды мәдени-спорттық шараға қатысты. Іс-шара Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды.
Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 3000 бала «Алтын сақа» флешмобын орындап, алаңда асықтың «алшы» бейнесі мен «Алтын сақа» жазуын бейнеледі. Музыка ырғағымен түрлі би қимылдарын көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Бағдарламаны Айдар есімді жасанды интеллект жүргізіп, флешмобтан кейін қаладағы барлық балабақша мен мектептерде асық ойынының басталғанын жариялады.
Осы белгі бойынша бір уақытта 18 000-нан астам бала қала бойынша асық ойнай бастады.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл шараның мақсаты – асық ойынын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың ұлттық спортқа қызығушылығын арттыру

