Атом ғылымы — ел дамуының стратегиялық бағыты

Алматыда атом ғылымы мен конституциялық реформаның маңызы талқыланды
Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев
Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ядролық физика институты ұжымымен кездесу өткізді. Жиында Конституциялық реформа және алдағы республикалық референдум мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында реформаның негізгі бағыттары түсіндіріліп, ғылым, білім және инновациялардың мемлекеттік басымдықтар жүйесіндегі рөлін күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Агенттік төрағасының айтуынша, Қазақстан қазіргі таңда терең трансформация кезеңінен өтіп, елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын ауқымды конституциялық өзгерістер жүзеге асырылуда.

Алғаш рет конституциялық деңгейде ғылым, білім, инновациялар және адами капитал тұрақты экономикалық өсім мен технологиялық егемендіктің негізгі факторы ретінде бекітілмек. Бұл қадам еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға және жаңа технологиялық даму моделін қалыптастыруға бағытталған.

Жиын барысында атом саласының стратегиялық міндеттері де айқындалды. Атап айтқанда:
– зерттеу инфрақұрылымын дамыту;
– реакторлық базаны жаңғырту;
– радиофармацевтикалық өндірістің толық циклін қалыптастыру;
– ядролық медицинаны дамыту;
– жаңа буын мамандарын даярлау;
– халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту.

Алмасадам Сәтқалиев Ядролық физика институты Қазақстандағы атом ғылымы мен технологияларын дамытудың жетекші орталықтарының бірі екенін атап өтті. Институтта іргелі ғылыми зерттеулермен қатар ядролық медицина, материалтану және радиациялық технологиялар саласында әлемдік деңгейдегі қолданбалы жобалар жүзеге асырылып келеді.

Бұл жұмыстар халық денсаулығын жақсартуға, әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте диагностикалау мен емдеу мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ елдің адами капиталын дамытуға үлес қосады.

Кездесу қорытындысында алдағы республикалық референдумның Қазақстанның институционалдық және технологиялық дамуында маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Ғылыми қауымдастықтың жалпыхалықтық үдерістерге белсенді қатысуы білім мен ғылымға негізделген орнықты даму моделін қалыптастырудың маңызды бөлігі екені айтылды.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...