«Ауыл» партиясы Президент Жолдауын талқылады

«Ауыл» партиясы Президент Жолдауын талқылады

«Ауыл» партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Партия төрағасы Серік Егізбаев Президенттің Жолдауы — мемлекеттің алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат елдің саяси жүйесі мен қоғам өмірінің барлық салалары үшін негізгі бағыт-бағдарды белгілейді.

«Ауыл» партиясы Президент Жолдауын талқылады

– «Ауыл» партиясының басты міндеті – Жолдаудың мазмұнын әрбір азаматқа, әсіресе ауыл тұрғындарына жеткізу ғана емес, оны жүзеге асыруға белсенді атсалысу. Бұл бізден нақты қадамдарды талап ететін іс-қимыл жоспары. Біз ауыл шаруашылығы саласын, инфрақұрылымды дамытуды және ауылдағы халықтың өмір сапасын арттыруды басты басымдықтар ретінде қарастырамыз», – деді партия төрағасы.

«Ауыл» партиясы Президент Жолдауын талқылады

Талқылау барысында Парламент құру туралы ұсыныс пен оның саяси жүйеге әсері, ауыл шаруашылығын заманауи технологияларды енгізу арқылы жаңғырту, ауылдық өңірлердің инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандарға, сондай-ақ шалғай ауылдар мен шағын елді мекендер тұрғындарына әлеуметтік қолдауды күшейту шаралары айтылды.
Депутаттар еліміздің аграрлық секторын қолдау, ауыл кәсіпкерлеріне несие беру, жастарды ауылда қалдыруға арналған ынталандыру шаралары, білім мен медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ заңнамалық деңгейде қажет бастамаларды әзірлеу бойынша нақты ұсыныстарын айтты.

Серік Егізбаев ауылды дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста ауылдық жерлерде жұмыс орындарының жетіспеушілігі, тозығы жеткен инфрақұрылым мен сапалы әлеуметтік қызметтердің тапшылығы айтылды. Әсіресе медициналық қызмет сапасын жақсарту, білімге қолжетімділікті арттыру және шаруа қожалықтары мен шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау аса маңызды екені атап өтілді.

Сондай-ақ Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттау үшін арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Жиынды қорытындылай келе, Серік Егізбаев «Ауыл» партиясының Мемлекет басшысы ұсынған реформалар мен бастамаларды жүзеге асырудағы басты күштердің бірі болуға дайын екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз...

«Заң және тәртіп»: ортақ құндылық

Мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі – заңның үстемдігі мен мызғымас тәртіп. Бүгінде «Заң және тәртіп» қағидатын ұлттық құндылық деңгейіне көтеру...

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған кездесу өтті. Екі елдің үкімет басшылары тарихи әрі достық...

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Қылмыстың жазасы ауырлағанымен қылмыскердің саны азайды ма? Бүгін біз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін...