
Балаңыз үйде жалғыз немесе бөлмесінде смартфонмен назардан тыс қалғанда не көретініне анализ жасап қараңыз. Бұл-өте маңызды. Себебі сіз бен біз көгілдір экраннан тамашалаған туындыларбаланың ойын дамытуға, жақсы мен жаманды тануға септігін тигізетін. Өйткені сараптамадан өткен, идеологияға қайшы туындылар редактурадан өтпейтін. Бүгінде ше? Сапалы контенттерден өзге тек коммерциялық бағытқа басымдық беретін түрлі жеке авторлардан көз сүрінеді. Осы ретте қызылды-жасылды арбаушы образдармен мағынаға емес эмоцияға негізделген контенттер бала психологиясына зиянды екені мамандар тарапынан жиі айтылуда. Ең қорқыныштысы – жөргегінен интернетке желімденудің соңы – цифрлық аутизмге ұласу қауіпі бар.
Мәжіліс қабырғасында балалар контентінің кешегі мен бүгіні жайлы депутаттық сауал көтерген Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубайдан сұрап білдік.
Наурыз Сайлаубай:
— Шексіз интернет кеңістігі әлемдік нарыққа еркін жол ашты. Мәселенің жақсы жағымен қатар екінші тұсы да бар. Кішкентай көрермендер түрлі ақпаратты талғамай қабылдап отыр. Мысалға, бүлдіршіндер ғаламтордан анимациялық видеоларды өз бетімен тауып көреді. Нәтижесінде түпсанасы әлі толық қалыптаспаған балалардың тілі шұбарланып шығады. Кешеге дейін Қазақстан аумағында жұмыс істеген 25 мультканалдың 24-і шетелдік арна болатын. Бүгінде мемлекеттік қолдау негізінде балаларға арналған көптеген жоба қолға алынды. Дәл осы қарқынмен жұмыс жасасақ отандық балалар контенті шетелдік туындыларды ішкі нарықтан әлі-ақ ығыстырып шығады.
— Балалар контентіндегі идеология мен идея жөнінде не айтасыз?
— Аниматор Ғали Мырзашев мультфильмге прототип ретінде Димаш Құдайбергенді ұсынған еді. Осы бейне арқылы ұлттық құндылықтарымызды көрсеткісі келді. Мен авторды толығымен қолдаймын. Әлемге паш етер тұлғаларымыз баршылық. Неге көрсетпеске? Неге дәріптемеске?
Қауіпсіз контент: Құқықтық тетік
«Соңғы уақытта киноиндустрия саласында болсын мультипликациялық, анимациялық туындылардың қазақ тілінде сөйлеуі — қуантарлық жағдай. Ауыз толтырып айта аламын, көптеген біздің жас креаторларымыз түрлі бағыттағымультфильмдерді кішкенттай көрермендер сұранысы мен қазіргі заман талабына сай жасауда. Ол мультипликациялық туындылар болсын, анима туынды болсын үлкен жетістік. Өйткені расындабұрын соңды бұл бағыттағы контент бізде аз болды. Қазір бірте-бірте көбейіп келе жатыр. Сонымен қатар сапа өте маңызды. Бұл деген сөз – отбасылық құндылықтар, ұлттық мүдде сияқты концепсиялық мәселелер туынды ішінен көрініс табуы. Қазақ текке айтпаған «бала тәрбиесі – тал бесіктен». Балабақшадан бастап бірінші кезекте Отанын сүюге, патриоттық сезімін ұялатуға, отбасылық құндылықтарды жадына сіңіруге байланысты жұмыстарды жүргізуіміз керек. Соңғы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін беріп жатқанын көріп отырмыз. Қазіргі жастармен, оқушылармен тілдессеңіздер олардың көзқарастарының өте позитивті екенін аңғарасыз. Елдік мәселе болсын, ұлттық құндылықтарға қатысты болсын ойын еркін жеткізе алады. Бұл – әлбетте тәрбиелік жұмыстардың жемісі деп білемін.
— Жастарды қауіпті контенттен қорғаудың құқықтық тетігі қандай?
— Балаларды қауіпті контенттен қорғау механизмдерін де қарастырған болатынбыз. Қателеспесем бұл заңның бастамашысы қазіргі Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ханымның өзі болды. Ол заңда буллинг мәселесімен қатар балалар үшін қауіпті контенттақырыбы бірге қаралды. Әлеуметтік желіге қатысты өзім де бірқатар сауалдар көтердім. Ол бойынша да жұмыстар жүргізілуде» – дейді, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских.

