Егістіктен сөреге дейін: Қазақстан бағаны тұрақтандыру үшін үлгілі шаруашылықтардың тәжірибесін кеңейтеді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша отандық өнімдердің сөрелердегі үлесі 83%-ға жетті. Сауда және интеграция министрлігі фермерлердің сауда желілеріне тікелей шығуын күшейтіп, делдалдарды қысқарту және бағаны тұрақтандыру шараларын іске асыруда.

Астана қаласында «Родина» мен «Зенченко» өндірушілерінің 15 фирмалық дүкені жұмыс істейді, жыл соңына дейін олардың саны 20-ға дейін көбейеді. Сонымен қатар агромаркетплейс пен цифрлық азық-түлік ваучерлері енгізіліп, тұрғындарға өнімді 25%-ға дейін арзан сатып алу мүмкіндігі жасалуда.

2025 жылы сауда инфрақұрылымын дамытуға 67,5 млрд теңге бөлініп, 458 жоба іске асырылды. Үкімет үлгілі агроауылдардың тәжірибесін бүкіл ел бойынша таратуды жоспарлап отыр.

Еще больше интересного

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына пікір білдірді

https://youtu.be/vgcDg3QlTuU «Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты....

Шекарадағы кептеліс: КГД не дейді

https://youtube.com/shorts/RXENIdoEX5w?feature=share Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді. Комитеттің хабарлауынша, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісін...

Шекарадағы үш күндік кептеліс

https://youtube.com/shorts/-pLFYhm1KBM?feature=share Түркістан облысының Келес ауданындағы Қонысбаев транзит жолында Қытайдан келе жатқан жүк көліктері үш күннен бері ұзын-сонар кептелісте...