Ішімдіктен бас тартқан ауылдарында мас күйде жүргендер тіркелген

Қостанай облысында алкогольден ресми түрде бас тартқан бірқатар елді мекендерде 2025 жылы мас күйге байланысты оқиғалар бәрібір тіркелген. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин мәлімдеді, деп хабарлайды Алау телеарнасы.

Оның айтуынша, «ішімдіксіз» мәртебесіне қарамастан, кейбір ауылдарда мас тұрғындардың қатысуымен түрлі жағдайлар болған. Мәселен, Белозеровка ауылында мас жүргізушінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сол ауылда мас күйдегі тұрғын әйел тұрмыстық жарақат алған.

Сондай-ақ Баталы ауылында алкогольдік масаң күйде жарақат алу дерегі анықталса, Абай ауылында алкоголь әсерінен болған тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мәліметінше, 2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша Қостанай облысында 17 елді мекен алкогольден толық бас тартатынын жариялаған. Полиция өкілдері мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ниетін көрсететінін атап өткен.

Жоба қоғам белсенділерінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ауылдар мен қалаларда ақсақалдар, діни жетекшілер және жергілікті белсенділер кірген қоғамдық комиссиялар құрылған. Дегенмен тіркелген оқиғалар алкогольге байланысты құқықбұзушылықтарды толық жою әзірге мүмкін болмай отырғанын көрсетеді.

Еще больше интересного

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРЫП, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТУДА

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен өмір сапасын айқындайтын маңызды міндет. Қазақстанда бұл бағыттағы...

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН: ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУҒА БАСЫМДЫҚ

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономиканың маңызды тіректерінің бірі саналады. Қазір салада ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу, өндірісті технологиялық...

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына пікір білдірді

https://youtu.be/vgcDg3QlTuU «Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты....