Қайтқан қаржының қайырымы бар ма?

Қайтқан қаржының қайырымы бар ма?

Олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті. Бас прокуратураның хабарлауынша, қайтарылған қаражат есебінен жалпы сомасы 375 млрд теңгеге 207 су құбыры нысанының, 177 медициналық мекеменің, 14 білім беру және спорт нысанының құрылысы басталды.
Олигополия субъектілерімен келісімдер жасалып, олар елге 5,2 трлн теңге инвестиция салу жөнінде міндеттемелер қабылдады.
Атап айтқанда, Алматы қаласында жаңа туристік кешен, басқа өңірлерде көлік-логистикалық орталықтар мен зауыттар салынбақ.

Мысалы, 3 000-нан астам жұмыс орны құрылатын тау-кен байыту комбинаты бой көтереді. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтып, ресурстарды өңдеу деңгейін арттырады, елдің экспорттық әлеуетін нығайтып, салық түсімдерін көбейтеді.
 
Бұдан бөлек, субъектілермен 16 мектеп пен балабақша, 8 дәрігерлік амбулатория мен аурухана, 13 спорт кешені, 16 мәдени-демалыс нысаны салынады. Жалпы құны – 122 млрд теңге.

Бұл 8 000-нан астам қосымша жұмыс орнын ашады. Барлық жобаларға қатаң бақылау орнатылады.

Айта кету керек, Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады.

Тағы оқыңыз...

«Заң және тәртіп»: ортақ құндылық

Мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі – заңның үстемдігі мен мызғымас тәртіп. Бүгінде «Заң және тәртіп» қағидатын ұлттық құндылық деңгейіне көтеру...

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған кездесу өтті. Екі елдің үкімет басшылары тарихи әрі достық...

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Қылмыстың жазасы ауырлағанымен қылмыскердің саны азайды ма? Бүгін біз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін...