Қазақ YouTuber-лері бас қосты

Қазақ YouTuber-лері бас қосты

Астанада қазақ YouTuber-лері бас қосты. Ортақ ой-талқыға оқырманға ой еңбегімен танылып үлгерген журналистер келді. Олардың әрбірінің YouTube-арнасында мыңдаған оқырманы, мазмұнды контенті, мойындаған аудиториясы бар.

Журналистер бұл кездесуінің мақсаты мен миссиясын ең әуелі қазақ аудиториясына сапалы контент ұсыну ниетімен байланыстырады. Қазақ қоғамы кейінгі жылдары ақпаратты мәтін немесе видео форматта болсын талғаммен тұтынып, сөз ұстаған тілшілерге талабы күшейіп келе жатқанын YouTuber-лердің қай-қайсысы да атап өтеді. Нарық та қазақ тілді ортаға бейімделіп келеді. Мақсаты ортақ журналистерді осындай мазмұнды әңгімені жиірек өткізу ниеті тоғыстырып отыр.

Қазақ YouTuber-лері мүдделерін біріктіріп, алға қадам басуды көздейді. Ізгі бастамаға әрбірі өз үлесін қосуға барын салмақ.

Еще больше интересного

Тоқаев «Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерін тиімсіз жұмыс үшін сынға алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» қорының жекелеген қызметкерлерін қатаң сынға алды. Мемлекет басшысы бұған дейін...

Тоқаев Конституцияға тағы бір норма енгізуді ұсынды

“Түзетулердің ішіне тағы бір аса қажетті норманы енгізу керек. Қазіргі Конституцияда «Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот...

Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде...