Қазақстан мен Иордания бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

2025 жылғы 9 маусымда Астанада Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Иорданияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының төрағасы доктор Халед Тукан кездесті, деп хабарлайды Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Иордания бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Келіссөз барысында тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Иордания тарапы ядролық медицинада қолданылатын радиофармацевтикалық препараттар мен радиоизотоптарды өндіруге арналған зерттеу реакторларын пайдалану тәжірибесімен алмасуға, шағын модульдік реакторларды дамытуға, сондай-ақ радиациялық қорғау мен ядролық қауіпсіздік мәселелерінде бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

Өз кезегінде Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және саланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін реттеуші орган – Атомдық қадағалау және бақылау комитеті құрылғанын атап өтті. Ол еліміздегі халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ реттеу, экологиялық тұрақтылық және ядролық қауіпсіздік саласындағы тиімді жүйелерді дамытуға басымдық беріп отырғанын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады.

Еске салайық, 2025 жылғы 19 ақпанда Мемлекет басшысының Амман қаласына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Иорданияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құжат бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын – кадр даярлау, ғылыми зерттеулер, радиациялық қауіпсіздік және уран кен орындарын барлау мәселелерін қамтиды.

Иордания делегациясының бұл сапары екі елдің уәкілетті ведомстволары арасындағы тұрақты серіктестікті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Тағы оқыңыз...

Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде...

«Үй болса – ауылда қалар едік»

Қала түгілі ауыл халқы баспанаға мұқтаж болып отыр. Ауылдағы тұрғын үй тапшылығын шешудің жүйелі жолдарын ұсынған депутат...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...