🇰🇿🇨🇳 Қазақстан мен Қытай ірі металлургиялық жобаны жүзеге асырмақ

Қазақстан мен Қытай жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін металлургиялық комбинат салуды жоспарлап отыр. Жоба Қытайдың Фуцзянь провинциясында өткен келіссөздер барысында талқыланды,-деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Ірі инвестициялық бастаманы қытайлық Fujian Hengwang Investment компаниясы жүзеге асыруы мүмкін.
Инвестиция көлемі – шамамен 1,2 млрд АҚШ долларды құрайды. 2,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Өнім ішкі нарыққа және экспортқа бағытталады

Сонымен қатар Қазақстанда жіп иіру және шикізатты терең өңдеу,жүк көтергіш техника және инженерлік орталықтар, трансформаторлар мен электротехникалық өнімдер
Және синтетикалық талшықтар өндірісі қолға алынбақ.

Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, Фуцзянь провинциясының порттары арқылы қазақстандық өнімдер Қытайдың оңтүстігі мен АСЕАН елдеріне шығу мүмкіндігі артады.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...