Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуді көздеп отыр

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуді көздеп отыр

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ долларына жетті. Өзара сауданың өсуі екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін орнықты алғышарттардың бар екенін растап отыр.

Орта мерзімді перспективада тараптар екіжақты тауар айналымы көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізуге ниетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Исламабадта өткен Пәкістан Ислам Республикасының Коммерция министрі Джам Камал Ханмен екіжақты кездесуінде айтты.

Агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік өнімдеріне, химия және мұнай-химия өнеркәсібіне, металлургияға, машина жасау мен фармацевтика саласына басымдық жасалмақ.

«Өзара тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту мақсатына қол жеткізу үшін QazTrade және TDAP бастамаларды іске асырудың негізгі операторлары ретінде айқындалады. Бұл бизнесті сүйемелдеу, тікелей B2B-контактілерді ұйымдастыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Еще больше интересного

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...