Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған кездесу өтті. Екі елдің үкімет басшылары тарихи әрі достық байланыстардың маңыздылығын атап өтіп, өзара іс-қимылды түрлі деңгейде дамытуға дайын екендерін растады.

Елордаға ат басын тіреген РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин алғысын айта келе, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің ең ізгі тілектерін жеткізді.
“Сіздерді тарихи оқиға — жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын. Референдум нәтижелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заманауи әрі гүлденген мемлекет құру бағытын халықтың қолдайтынын көрсетті”,-деді ол.

Сондай-ақ, Михаил Мишустин
“Қазақстан — Ресейдің стратегиялық серіктесі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынастарымыз уақыт сынынан өткен, достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген. Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Президентінің Ресейге жасаған сапарынан кейін 2030 жылға дейінгі кешенді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Екі елдің үкіметтері барлық шешімдердің жедел орындалуын қамтамасыз етеді, ”- деді.

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: Ukimet

2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 30 миллиард долларға жуықтады, ал соңғы жиырма жылда Ресейдің Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 28 миллиард доллардан асты. Сол кезеңде қазақстандық бизнес Ресей экономикасына шамамен 9 миллиард доллар инвестиция салды. Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 22 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, бұл шетелдік қатысуы бар барлық компаниялардың үштен біріне жуығын құрайды.

Ресей Үкіметі төрағасының айтуынша,энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және цифрлық экономика салаларында жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға үлкен әлеует бар. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда үкіметаралық комиссия белсенді жұмыс істеп жатыр.

Өз кезегінде Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов
“Екі ел көшбасшыларының күш-жігерінің арқасында одақтастық және стратегиялық қатынастар өте табысты дамып келеді. Қазақстан Президентінің Ресейге жасаған мемлекеттік сапары ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Алдағы уақытта Президент Путиннің Қазақстанға сапарына ерекше мән беріп отырмыз, бұл одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді”- деп,мәлімдеді.

Гуманитарлық ынтымақтастыққа, әсіресе білім беру саласына ерекше назар аударылуда. Ресей жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің саны артып келеді, оның ішінде мемлекеттік гранттар есебінен оқитындар да бар.

Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықты жандандыру және кеңейту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын, сондай-ақ бірлескен жобалар мен инвестициялар үшін жаңа бағыттарды қарастыруда.

Еще больше интересного

«Заң және тәртіп»: ортақ құндылық

Мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі – заңның үстемдігі мен мызғымас тәртіп. Бүгінде «Заң және тәртіп» қағидатын ұлттық құндылық деңгейіне көтеру...

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Қылмыстың жазасы ауырлағанымен қылмыскердің саны азайды ма? Бүгін біз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін...

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Оқиғаны салтанатты түрде тіркеу рәсімі Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік концерт басталар алдында өтті.Саябақтың қақ ортасына орнатылған биіктігі...