Қазақстанда алдағы жазда парламент сайлауы өтеді

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алдағы парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді
Президент Қазақстанда жаз мезгілінде парламент сайлауы өтетінін хабарлады. Бұл туралы Мемлекет басшысы референдум алдындағы үгіт-насихат науқанына қатысқан жастар ұйымдарының өкілдерімен Қазмедиа орталығы студиясында өткен кездесуде айтты.

Президенттің айтуынша, өткен референдум ел тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Сондай-ақ ол биылдан бастап 15 наурыз жыл сайын мемлекеттің басты құжаты – Конституция күні ретінде аталып өтетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы жаңартылған Ата заң ең прогрессивті конституциялардың бірі екенін атап өтті.

Президент жаңа Конституцияның болашаққа бағытталғанын және жастарға ерекше көңіл бөлінгенін айтты. Оның сөзінше, құжатта волонтерлік қызметті дамыту, ғылым мен инновацияны ілгерілету, сондай-ақ жасанды интеллектті қолдану сияқты бағыттар қамтылған.

Мемлекет басшысы ақпараттық науқанға белсенді қатысқан жас белсенділерге алғыс айтып, алда елді маңызды саяси кезең күтіп тұрғанын жеткізді. Ол алдағы парламент сайлауын бірлікпен өткізуге шақырып, жаңа құрамдағы заң шығарушы орган «жастар парламенті» болуы керектігін атап өтті.

Еще больше интересного

Экс-министр көпке ұзамай жаңа қызметіне кірісті.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711638565511400705?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7589234703795848716 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды ,-...

Ауыс-түйіс.Ақордадан жеткен жаңалық.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711631391267523861?is_from_webapp=1&sender_device=pc Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Указом Главы государства Нагаспаев Ерсайын Каиргазиевич...

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...