
Қазақстандық халықаралық автотасымалдаумен айналысатын компаниялар Ресей енгізген шектеулерден зардап шегуде. Жаңа визалық ережелер ондаған мың жүргізуші мен көлік компанияларының жұмысын тежеп отыр. Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев Нәімединұлының айтуынша, мыңдаған жүргізуші мен көлік компаниясының жұмысына қауіп төніп тұр. Ресейдің заңына сәйкес, визасыз кіретін шетел азаматтары жылына небәрі 90 күн ғана Ресей аумағында бола алады. Алайда, бұл талап халықаралық тасымалдаушылардың мүддесін ескермейді дейді депутат. Қазақтсандық жүк тасымалдаушылар басқа елгежеке мақсатпен емес, еңбек міндетін атқару үшін барады. Алайда жаңа талаптар оларды заң бұзушылар қатарына қосып отыр дейді депутат
- Ресейден Беларссуияға шекарадан өткен кезде оның өткені көрінбейді. Сондықтан біздің жүргізушілер Беларуссияда болса да, Ресейде болса да Ресейде тұрған сияқты болып есептеледі. Күндер өтіп, шектеуге түсіп қалып отыр.Бұл олардың мигранттарға қарсы жұмыстары екенін түсінеміз, бірақ біздің тасымалдаушы жүргізушілер түсіп қалып отыр.
Депутаттың айтуныша, мәселені күрделендіріп отырған тағы бір жайт – шекарадағы ұзын-сонар кезек. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және өзге де елдердің жүргізушілері тәуліктеп рәсімдеуді күтіп тұруға мәжбүр. Бұл уақыт та 90 күндік лимитке қосылады екен. Нәжметдинұлы осы мәселе бойынша вице-премьер Серік Жұманғариннің атына ресми хат жолдады. Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктері де хабардар етілді. Үкіметтен тасымалдаушыларды қорғап, нақты жүк тасымалдаушыларға шектеуді алып тастау жолын шешуді сұрап отыр. Осы шектеуден зардап шегіп, депортацияға іліккен, уақытша қамауға алынған қазақстандық жүргізушілер көмек сұрап отыр дейді мәжілісмен. - — Тасымалдаушылардың жағдайы өте мүшкіл. Олардың жанайқайны жеткізіп отырмыз. Біздің үкімет тез арада көршімен осы мәселені шешуі керек.Осы жағдайға түсіп қалған жүргізушілер депортацияға түкен. Уақытша қамау изоляторында жатқандарын босатса дейміз. Шектеуді алып амнистия жасасын деп сұрап отырмыз.
- Депутаттың айтуынша, бұл жағдай қазірдің өзінде қазақстандық тасымалдаушылардың жұмысына кедергі келтіріп отыр. Егер шектеулер сақталса, жылжымалы құрам тапшылығы, шығындардың өсуі және отандық компаниялардың ресейлік пен беларусьтік бәсекелестерге жол беру қаупі бар.
- Мұны шешпесек, біздің тасымалдаушылар жүк таси алмай қалады. Көлік саны күрт төмендейді. Дефицит болады, оның соңы бағаның өсуіне әкеліп, халық тағы қымбатшылыққа тап болады. 10 көлік тасып жатқан жүкті 5-ақ көліу тасыса бағаға әсер етеді.Біздің жүк тасымалдайтын комапния көліктері кіре алмайтын болса, тек басқа елдердің көлігі кіреді де, біздің мүддеміз төмендейді.
- Қазақстанда да мигранттарға қатысты тиісті шектеулер бар. Алайда Қазақстанда шетелдік жүргізушілерге әлдеқайда жеңілдетілген режим қолданылады. Үкімет қаулысына сәйкес, халықаралық және транзиттік тасымал жүргізушілеріне 90 күндік шектеу қойылмайды.Сондықтан одақтас Ресеймен бұл бұл мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия деңгейінде көтеру қажет. Біздің тасымалдаушылар келісілмеген шешімдердің құрбаны болмауы тиіс дейді депутат.Ал бұған дейін еліміздің Көлік министрлігі Қазақстан-Ресей шекарасындағы кезектер Ресей тарапынан бақылаудың күшеюіне байланысты орын алғанын хабарлаған болатын.

