Қазына қаржысы тиімсіз жұмсалған

2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы 24 нысанда тексеріс жүргізіп, 355 миллиард теңгеге жуық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата хабарлады. Анықталған заңбұзушылықтардың ішінде:
• қаржылық бұзушылықтар – 3,3 млрд теңге;
• мемлекеттік қаражат пен ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы – 287,6 млрд теңге;
• жоспарлаудағы кемшіліктер – 64,6 млрд теңге.

Анықталған олқылықтарға қарамастан, тек 3,3 миллиард теңгені ғана кері қайтару жоспарланып отыр. Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы бюджеттің орындалуын сынға алған болатын. Себебі бюджет 13 рет түзетілген. Ал орындалмаған сома 609 миллиард теңгені құрады.

Үкімет Ұлттық қордан қаражат алып, шетелден қарыз алуға бейімделіп алған. Бірақ бұл елдің қарыз жүгін одан әрі арттыруда. Мемлекеттік қарызымыз үнемі өсіп келеді.

Тағы оқыңыз...

Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде...

«Үй болса – ауылда қалар едік»

Қала түгілі ауыл халқы баспанаға мұқтаж болып отыр. Ауылдағы тұрғын үй тапшылығын шешудің жүйелі жолдарын ұсынған депутат...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...